Қазақстанда кейінгі тәулікте 73 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
4 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 812 адам коронавирус инфекциясынан (–1 635+ және 177 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 177 пациент стационарда, 1 635 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 4 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.