Үкіметте санкцияның Қазақстанның сауда ағынына әсері талқыланды

Әлихан Смайылов Қазақстанның сыртқы саудасының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет басшысына санкциялық саясаттың еліміздің сауда ағынына әсері, оның ішінде сауда құрылымындағы өзгерістер мен тауарларды жеткізу логистикасы туралы баяндалды, — делінген хабарламада.

Әлихан Смайылов мемлекеттік уәкілетті органдарға жағдайды бақылауда ұстап, сауда тәртібін бұзу фактілеріне байланысты жедел әркет етуді, сонымен қатар бизнес өкілдерімен кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да