Өткен тәулікте 45 қазақстандық коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
2 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 790 адам коронавирус инфекциясынан (–1 611+ және 179 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 179 пациент стационарда, 1 611 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.