Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» үкімет қаулысының жобасын дайындады.
Құжатқа сәйкес, республикада еңбекке жарамсыз болып қалу және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мөлшері 14,5%-ке артады.
2023 жылғы 1 шілдеге дейін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 шілдеден бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 14,5%-ке арттыру жүргізілсін, — делінген құжат жобасында.
Қаулы жобасы 14 сәуірге дейін «Ашық НҚА» сайтында қоғамдық талқылаудан өтеді.