Жыл басынан бері 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысы орта есеппен 12%-ке өсті. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингіде еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты.
Жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша жұмыс берушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде өткен жылы 2,5 мың жұмыс беруші 5-тен 50%-ке дейінгі бөліністе 2 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын көтерді. Биыл 1,7 мың жұмыс беруші 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын орта есеппен 12%-ке көтерді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, — деп тоқталды Төлеген Оспанқұлов.