Басты бетЖаңалықтарАлматыда тауарлық...

Алматыда тауарлық газға тариф төмендетілді

Алматыда тауарлық газға тариф төмендетілді. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеру нәтижелері бойынша APL Construction ЖШС-де бекітілген тарифтік сметаның бұзылуы, сонымен қоса орамішілік газбен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде үстем жағдайды теріс пайдалану әрекеті анықталды.

Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша тариф 1 мың м3 үшін 6 362,77 теңгеден 5 999,08 теңгеге дейін төмендетілді (5,7%-ке), 184 миллион теңге сомасына өтемдік тариф енгізілді. Сонымен қатар монополист ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабы 3-1 және 164-бөлігі 4-бөлігі бойынша жауапқа тартылды және 78 миллион теңге айыппұл өндірілді.

Қабылданған шаралар бойынша Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарының 11 мың тұтынушысының құқығы қорғалды, олардың 300-ден астамы кәсіпкерлер, — делінген хабарламада.