Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау...

Ақша айырбастау орындарында доллар арзандады

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 448-454 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448–452 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 449–454 теңге аралығында құбылып тұр.

30 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,1 теңгеге өсіп, 448, 27 теңге болған.

Ұлттық банктің 31 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 448, 05 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,82 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,7 – 5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,77 — 5,87 теңгеден сатылып жатыр.