Басты бетЖаңалықтарМемлекет басшысы...

Мемлекет басшысы үкіметке жоғары баға берді

Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің жалпы отырысында үкіметтің атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Мемлекет басшысы кейінгі жылдары еліміз жаһандық және ұлттық ауқымдағы көптеген проблемаларға тап болғанын айтып өтті.

Үкімет күрделі кезеңдегі жаңа талапқа тез бейімделді. Сол арқылы экономиканың тоқырауына жол берген жоқ. Жұмыс орындарын қысқартпай, сақтап қалды. Шұғыл шаралардың нәтижесінде ел экономикасы 3,2%-ке өсті. Халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелер уақтылы және толығымен орындалды. Мұның бәріне билік тармақтарының бірлесіп жұмыс істеуінің көмегімен қол жеткіздік. Осы ынтымақтастықты нығайта беру керек, — деді президент.