Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 30 наурызда сағат 08:22-де жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 580 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.6. MPV магнитудасы – 4.1. Эпиорталық координаттары – 40.75° с.е. және 83.07° ш.б. Тереңдігі — 10 километр. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ, — делінген хабарламада.