Басты бетЖаңалықтарAmanat партиясы...

Amanat партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысына Amanat партиясының атынан жаңа премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Айта кетейік, мемлекет басшысы VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясында премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен Amanat партиясы ұсынатынын айтты.