Премьер-министрдің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынады

Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясында премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен Amanat партиясы ұсынатынын айтты.

Мен премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте, саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі, — деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл тәсіл «күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет» тұжырымдамасына сай келеді.

Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға тиіс. Болашақта үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн. Ол үшін саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынамын. Сонымен қатар өкілді және атқарушы биліктің қарым-қатынасы жаңаша сипатқа ие болады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.