«Қазгидромет» РМК синоптиктері 30 наурыз — 1 сәуірде ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклон ықпал етеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік жартысында жаңбыр, қар жауады. 31 наурыз – 1 сәуірде батыста, 30-31 наурызда шығыс пен оңтүстікте, 30 наурыз – 1 сәуірде республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын, жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі.
31 наурыздан бастап солтүстік-батыс антициклонның кіруіне байланысты елдің солтүстік жартысында жауын-шашын тоқтап, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Батыста ауа температурасының түнде 2-7 градусқа дейін, күндіз 7-15 градусқа дейін төмендеуі, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында температура фонының түнде 7-13 градус аязға дейін төмендеуі, күндіз 2 градус аязға дейін, шығыста түнде 10-22 градус аяз болуы мүмкін, оңтүстік облыстарда түнде 0-5 градус жылы, күндіз 3-13 градус жылы, — делінген хабарламада.