Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясында біршама бастама, бағдарлама қолға алынатынын айтты. Сөз арасында спорт инфрақұрылымын дамытудың жолын көрсетті.
“Балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажет” дегені спорт саласын өркендетуге жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, меценаттардың және жарнама берушілердің әлеуетін пайдалану қажет” деді президент.
Бұл — тиімді шешім. Мемлекет қазынасына жалтақтамай, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында спорт алаңдары мен кешендері тапшылығы мәселесін шешуге әбден болады. Бұл жағынан Қызылорда облысының тәжірибесі бар.
Былтыр — Балалар жылы осы жұмысты біздің аймақ жүйелі үйлестірген болатын. Сыр өңірінде балалардың игілігіне бір мезетте 80 спорт-ойын алаңы тарту етілді. Оған 1,6 миллиард теңге жұмсалды. Барлығы — демеушілердің есебінен. Аймақта бұл жұмыстар жалғасын тауып жатыр. “Саутс-ойл” компаниясы 7 мың адамға арналған жаңа стадион салып бермек.
Президент айтқаннан кейін спорт инфрақұрылымын дамыту, қолжетімді қылу өзге өңірлерде де — республикада кешенді түрде жүзеге асады деп ойлаймын.