Басты бетЖаңалықтарЕрлан Қошанов парламент мәжілісінің төрағасы болды

Ерлан Қошанов парламент мәжілісінің төрағасы болды

Сегізінші сайланған мәжілістің спикері болып Ерлан Қошанов сайланды.

Пленарлы отырыста жаңадан сайланған депутаттар ант бергеннен кейін, мәжіліс төрағалығына бір ғана кандидатура – Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Ерлан Қошанов ұсынылды. Мәжіліс депутаттары жасырын дауыс беру арқылы төменгі палата төрағасын сайлады.

Мәжіліс төрағасын сайлау бойынша жасырын дауыс беру қорытындысы: Ерлан Қошановтың кандидатурасын қолдағандар – 98 депутат. Қарсы шыққандар жоқ.

Қошановтың кандидатурасын Amanat партиясынан сайланған мәжілісмен Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да