Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеп жатыр.
Жаңартылған парламент алдында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев көп жылдар ішінде алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанғанын айтты.
Енді партиялар еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қасында жүретін болады. Мәжіліске бір мандатты округтен де депутаттар сайланды. Яғни, парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылды. Сонымен қатар ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды. Бірқатар азамат партия атынан шыққан үміткерлерді тартысты бәсекеде жеңіп шықты. Осылайша, елімізде демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтеріліп, нығая түсті. Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты, — деді президент.