29 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының үкіметі туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін:
- Қазақстан Республикасы үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.
- Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.