Respublica партиясынан мәжіліске кімдер депутат болды?

Respublica партиясынан ҚР парламенті мәжілісіне депутат болғандардың тізімі жарияланды.

Бүгін ОСК парламент мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады. Respublica партиясы 547 154 дауыс жинап, 8,59% көрсеткішпен парламенттің төменгі палатасына алты мандат алып, үшінші орынға ие болды, — деді партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров.

Мәжіліске партиялық тізім бойынша мына кандидаттар өтті:

  • Ходжаназаров Айдарбек Асанович;
  • Берденов Руслан Арысбекович;
  • Тау Нұргүл;
  • Куспеков Олжас Хайроллаевич;
  • Шукижанова Динара Аманжеловна;
  • Наумова Динара Рустамовна.