«Ауыл» партиясы мәжіліске өткен депутаттар тізімін ұсынды

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мәжілістегі депутаттарының тізімін жариялады.

2023 жылғы 27 наурызда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы саяси кеңесінің президиум отырысы өтті. Партияның жарғысына сәйкес жиында 2023 жылғы 19 наруызда өткен Қазақстан Республикасы парламент мәжілісі депутаттарының сайлауы нәтижесінде алған сегіз депутаттық мандат иелері анықталып, бекітілді, — деп жазылған партияның баспасөз мәліметінде.

«Ауыл» партиясының атынан мәжіліске енген депутаттар:

1. Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары, Қазақстан фермерлері қауымдастығы басқармасының төрағасы.

2. Егізбаев Серік Рахметоллаұлы, партия мүшесі, бұрынғы ауыл шаруашылығы, ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі.

3. Абден Қарақат Жақсылыққызы, партия мүшесі, «Қазақ қызы» ҚБ президенті (әйелдер квотасы бойынша)

4. Баққожаев Анас Ахатұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары

5. Саурықов Ерболат Байұзақұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП Жамбыл облысы бойынша облыстық филиалының төрағасы, Мұртаза атындағы Тараз халықаралық инновациялық институтының президенті.

6. Арсютин Николай Геннадьевич, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары.

7. Зейнуллин Аян Талғатұлы, партия мүшесі, «СПК Астана» АҚ өндірістік директоры (жастар квотасы бойынша).

8. Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы, партия мүшесі, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ оқытушысы (инклюзивті қоғам өкілдеріне арналған квотаға сәйкес).