Қазақстанда бір тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде кейінгі тәулікте 85 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

28 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 717 адам коронавирус инфекциясынан (–1 542+ және 175 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 138 пациент стационарда, 1 579 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 4 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.