Басты бетЖаңалықтарПарламенттің алғашқы...

Парламенттің алғашқы сессиясы 29 наурызда өтеді

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10:00-де Астана қаласында шақырылсын.

2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 27 наурыз, №153, — делінген құжатта.