Ішкі істер министрлігі екі айда заңдастырылған шетел көліктерінің санын жариялады.
Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, 23 қаңтардан бері республика бойынша 69 мыңнан астам көлік заңдастырылды.
Соның ішінде 67%-і – Ресей Федерациясынан, 19%-і – Армениядан, шамамен 10%-і – Қырғызстаннан, ал 2%-і — Грузиядан әкелінген, — деді Қайсар Сұлтанбаев.
Еске салайық, 2023 жылғы 23 қаңтардан бастап елімізде шетелден әкелінген көліктер заңдастырыла бастады.