Басты бетЖаңалықтар"Шымбұлақ" Гиннестің...

«Шымбұлақ» Гиннестің рекордтар кітабына енді

Алматыдағы “Шымбұлақ” тау шаңғы курорты Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы курорттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Шымбұлақ» Гиннестің рекордтар кітабына «Әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы» номинациясы бойынша енді.

Guinness World Records судьясы Шейда Субаши-Гемиджи сертификатты 3 200 метр биікте орналасқан “Талғар асуында” табыстады. Бұл түнгі трасса 2021 жылғы қарашада ашылған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021-2022 жылғы маусымда түнгі сеансқа 50 346 турист келген. Жалпы күніне 12 520 адам келсе, биылғы маусымда курортқа бір миллионнан астам адам келді.

Айта кетейік, 2023 жылғы сәуірден бастап «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына автокөліктердің кіруіне шектеулер өзгереді.