Мәліметтерге сүйенсек, жоғарғы сыныпта оқитын қыздарға тиіскен деген айыппен Ұйғыр ауданының тұрғыны, жергілікті мектептің мұғалімі күдіктеліп отыр.
Балалар ісі бойынша 150 нөміріне беймәлім біреу хабарласып, ұялы телефонға түсірілген 4 оқушы қыз туралы видео жайлы айтады. Полицейлер осыған қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қылмыстық іс Ұйғыр аудандық ішкі істер бөлімінде. Полицейле қазіргі уақытта күдікті азаматтан сұрақ алып жатыр.