Экология және табиғат ресурстары министрлігі ит пен мысық иесі жаңа ережені бұзса, қалай жазаланатынын хабарлады.
Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар, аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы Ринат Есмағұловтың айтуынша, үй жануарларының иесі ережені бұзса, әкімшілік жазаға тартылады.
Әкімшілік құқықбұзышылық кодексінің «Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу» деген 407-бабы, 2-ескертуі бойынша, жеке тұлғп 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Бұл — 34 500 теңге, — деді Ринат Есмағұлов.
Еске салайық, 23 наурызда НҚА сайтында «Үй жануарларын ұстау мен серуендетудің қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа түзетулер жарияланды.
Жаңа ережені қоғам 6 сәуірге дейін талқылай алады.