Қазақстанның Румыния мен Словениядағы елшілері тағайындалды

Президент жарлығымен Қазақстанның Румыниядағы және Словениядағы елшілері тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.