Қазақстанның сегіз жоғары оқу орны әлемдік рейтингіге енді

Еліміздегі сегіз жоғарғы оқу орыны әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

22 наурызда жарияланған Кью Эс Уорлд Юниверсити Ранкинг бай Сабжект ( QS World University Rankings by Subject) қорытындысы бойынша қазақстандық университеттердің топ-100 пәндік рейтингісі екі есе өскен.

Бұл тізімде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сәтпаев университеті, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті бар.