23 наурызда Шымкентте жергілікті тұрғындар тағы да жер сілкінісін сезді.
Құтқарушылардың мәліметінше, екі-үш балдық жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 02:07-де тіркелді. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Магнитудасы — 6.5. Шымкентте екі-үш балдық жер сілкінісі тіркелді, — деп хабарлады Шымкент ТЖБ өкілдері.