«Қазгидромет» РМК 23-25 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы үш тәулікте күн жауын-шашынсыз болады.
Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғыша антициклон ықпалында болады, күн ашық және бірқалыпты жылы ауа райы болады. Тек солтүстікте және солтүстік-батыста, 23 наурызда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында циклон ойпатының әсерінен тұрақсыз ауа райы болып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, — делінген хабарламада.
Республика бойынша тұман түседі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік пен солтүстік-батыста жел күшейеді.