Астанада бірқатар жол жабылып, автобус бағыттары уақытша өзгертілді

«Нұрлы жол» вокзалындағы қоғамдық көлік аялдамасы жабылды. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.

«Нұрлы Жол» вокзалындағы аялдама пункті мерекелік іс-шара өткізілуіне байланысты жабық. Сондықтан №№ 2, 3, 11, 14, 21, 32, 48, 50, 60 бағдарларының қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді. Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», — делінген компанияның Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.