Қазақстанда ғана өндірілетін әлемдегі ең қымбат металл қайсы?

Осмий — платина металдар тобына жататын әлемдегі ең тығыз металл.

Оның қаншаға бағаланатындығын да ешкім тап басып айта алмайды. Бір деректе 1 граммы 10 мың доллар делінсе, екінші бір деректе 200 мың долларға дейін бағаланатыны келтірілген. Үшінші біреулер «осмий-187 изотопының 1 граммы 3 килограмм алтыннан қымбат тұрады», дейді. Ин­тернеттегі жазбаларға қарағанда, осмий-187 изо­топы ашық саудаға шығарылмайтын көрінеді. Бір затқа әртүрлі бағаның айтылатындығы да содан секілді.

Осмий осы қасиетіне байланысты өзі қосылған зат­қа ғажайып беріктік береді. Әдетте қымбат қа­ла­м­сап­тардың үшін тозбау үшін алтынмен булай­ты­ны белгілі. Ал егер оған осмийді қосатын бол­са, ол мүлдем тозбайтын болады. Техникалық, ме­­ди­ци­­н­алық, өнеркәсіптік пышақтар, осмий қо­сыл­ға­н жағдайда, барынша өткірлене түседі және жү­зі қай­тпайды. Осы қасиетіне байланысты осмий аэ­ро­ғарыш құралдарын жасаған кезде қолданылады.

Бұл металлды алғаш рет 1803 жылы ағылшын химигі Смитсон Теннат әріптесі Уильям Х.Уоолластонмен бі­рігіп ашқан. Платинаны азот және тұз қышқылының қоспасына салып еріт­кен кезде ыдыстың түбінде ерімеген күйінде ша­ғын шөгінді қалады. Жаңа элемент осылайша ашы­лады. Ал оған «осмий» деген ат берілуіне оның жа­ғымсыз иісі себеп болған. «Осмий» грек тілін­де «иіс» деген мағынаны білдіреді екен. Себебі шөгіндіні жекелеп алған кезде одан хлор­дың немесе сасыған шомырдың (редьканың) иісі шы­ғып, ол өңешті кернеп, қолқаны тұтып қалған.

ДереккөзEgemen.kz