Алматыдан Бакуге тікелей авиарейс қатынай бастады

Алматы мен Әзербайжан астанасы Баку арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Авиарейс ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және белсенді араласуымен іске қосылды.

«Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясының ұшақтары Бакуден Алматыға аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері ұйымдастырылады.

Сонымен қатар 16 наурыздан «Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясы дүйсенбі және бейсенбі күндері Бакуден Астанаға, ал сейсенбі және жұма күндері Астанадан Бакуге сапарын бастап кеткен еді.

Алматы — Орталық Азияның ең ірі, ең дамыған және тартымды туристік бағыттарының бірі және Әзербайжан авиакомпаниясының өкілдері бұл пікірді қолдайды. Біздің министрлік басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады, — деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.