Елімізде кейінгі тәулікте 36 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
20 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 781 адам коронавирус инфекциясынан (–1 609 + және 172 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 135 пациент стационарда, 1 646 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.