Қазақстанда сайлау күні қанша сәби дүниеге келді?

Парламент мәжілісін және мәслихаттар депутаттарын сайлау күні Қазақстанда 609 сәби дүниеге келген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

19 наурызда елімізде 312 ұл, 297 қыз, сонымен қатар бір егіз бала дүниеге келген.

Мемлекеттің одан әрі дамуына осындай маңызды датада дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз!, – делінген хабарламада.