Сағат 18:00-дегі мәлімет: сайлаушылардың 53,11%-і дауыс берді

Сайлаушылардың 53,11%-і дауыс беріп үлгерді. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты.

Оның айтуынша, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 18:00-дегі жағдай бойынша өңірлер бойынша дауыс беру нәтижелері мынадай:

1. Абай облысы бойынша – 56,14%

2. Ақмола облысы бойынша – 59,49%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 56,88%

4. Алматы облысы бойынша – 59,74%

5. Атырау облысы бойынша – 49,19%

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,81%

7. Жамбыл облысы бойынша – 65%

8. Жетісу облысы бойынша – 55,07%

9. Қарағанды облысы бойынша – 58,85%

10. Қостанай облысы бойынша – 65%

11. Қызылорда облысы бойынша – 65,7%

12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,04%

13. Павлодар облысы бойынша – 58,61%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 64,46%

15. Түркістан облысы бойынша – 51,07%

16. Ұлытау облысы бойынша – 58,63%

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,63%

18. Астана қаласы бойынша – 40,94%

19. Алматы қаласы бойынша – 22,95%

20. Шымкент қаласы бойынша – 43,89%

Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 390 046 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 53,11%-і, — деді Шавкат Өтемісов.

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 19:00 және 20:10-да беріледі. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ОСК сағат 22:10-те ұсынады.