Республика бойынша сайлау барысында сайлаушылардың 51,98%-і дауыс берді. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты.
Оның айтуынша, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өңірлер бойынша дауыс беру нәтижелері мынадай:
1. Абай облысы бойынша – 55,23%;
2. Ақмола облысы бойынша – 58,96%;
3. Ақтөбе облысы бойынша – 56,32%;
4. Алматы облысы бойынша – 59,45%;
5. Атырау облысы бойынша – 48,15%;
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,61%;
7. Жамбыл облысы бойынша – 64,78%;
8. Жетісу облысы бойынша – 54,82%;
9. Қарағанды облысы бойынша – 58,21%;
10. Қостанай облысы бойынша – 64,81%;
11. Қызылорда облысы бойынша – 64,95%;
12. Маңғыстау облысы бойынша – 53,84%;
13. Павлодар облысы бойынша – 58,43%;
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,66%;
15. Түркістан облысы бойынша – 49,14%;
16. Ұлытау облысы бойынша – 58,26%;
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,09%;
18. Астана қаласы бойынша – 38,57%;
19. Алматы қаласы бойынша – 19,14%;
20. Шымкент қаласы бойынша – 42,31%.
Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 254 837 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 51,98%-і, — деді Асылбек Смағұлов.
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 18:10, 19:00 және 20:10-да беріледі. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ОСК сағат 22:10-те ұсынады.