Сайлау-2023: Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс парламентті сайлауда дауыс берді.

Ол әдеттегідей өз таңдауын «Астана Операдағы» сайлау учаскесінде жасады.

Айта кетейік, Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.

Биыл парламентті сайлау алғаш рет аралас жүйе бойынша өтеді. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады.