Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы №389 сайлау учаскесіне келіп, парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.
Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін мен өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып, жүрегім қалаған саяси партияға және жекелеген кандидаттарға дауыс бердім. Сол арқылы Қазақстанның болашағы үшін, жас ұрпақтың ертеңі үшін таңдау жасадым, — деді І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында орналасқан учаскеде таңдау жасаған Бейбіт Исабаев.
Жетісу облысында барлығы 458 сайлау учаскесі, 443 мыңнан астам сайлаушы бар. Учаскелер таңертеңгі сағат 7:00-ден бастап жұмысқа кірісті.