Үкімет қаулысы бойынша 2048 жылға дейін Алматы облысында ауданы – G4 City арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономикалық аймақ Алматының солтүстігінде, ұзындығы – 80 шақырым А3 тас жолының (Алматы – Қонаев) бойында орналасқан, оның аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді. Жаңа экономикалық аймақ G4 City интеграцияланған қаласын құруға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы климат ұсынады, бұл өз кезегінде бүкіл аймақтың дамуына жаңа серпін береді, — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2048 жылға дейін АЭА шеңберінде шамамен 3,7 триллион теңге көлемінде инвестиция тарту, құны 17 триллион теңгеден аса қызметтер мен тауарлар өндіру, сонымен қатар 60 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарда бар.
Жалпы жаңа экономикалық аймақтың қызметі G4 City-де туризм, медицина, көлік-логистика, білім беру және мәдени-демалыс салалары инфрақұрылымының жедел дамуына септігін тигізеді. Сонымен қатар АЭА режимі нысандарды салуға кететін негізгі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, G4 City даму тұжырымдамасына сәйкес интеграцияланған қала төрт ауданнан тұрады: Gate City – іскерлік және қаржылық орталық, Golden District – білім беру және медициналық хабы, Growing District – инновациялық-индустриялық және сауда-логистикалық аймақ, Green District – туристік кластер. G4 City-де шамамен 2,2 миллион адам тұрады.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.