Қазақстанда кейінгі тәулікте 98 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
17 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 832 адам коронавирус инфекциясынан (–1 656+ және 176 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 136 пациент стационарда, 1 696 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.