Алматыны қалың тұман басты

Алматыны қалың тұман басып, қала жолдары дұрыс көрінбей қалды.

Бүгін таңертеңнен бері қаланың кейбір аудандарында қалың тұман байқалады.

Бұған дейін Алматының төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометтің» дауылды ескертуіне сүйене отырып 16 наурызға қараған түні тауға тұман түсетінін хабарлады.

тұман, ауа райы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Сонымен қатар құтқарушылар тұрғындарды тауға барудан бас тартуға, ал тауда қалған туристерді барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

тұман
Фото: Жазира Пірімқұл