Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы тағы кейінге қалды.
Бүгін генерал-майор Күдебаевқа қатысты үкім шығарылуы керек еді. Бірақ оның сырқатына байланысты сот отырысы кейінге шегерілді.
Талдықорған сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, келесі отырыстың өтетін күні кейінірек белгілі болады.
Айта кетейік, Серік Күдебаев 2020 жылғы қаңтарда Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды. 2022 жылғы 18 ақпанда ішкі істер органдарынан өз еркімен кетті.
2022 жылғы 13 мамырда Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды.
Прокурор бұрынғы полиция генерал-майоры Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.