Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Бұған қоса президент тағы бірқатар заңға қол қойды:

  • «Қазақстан Республикасының үкіметі мен Әзербайжан Республикасының үкіметі арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»;
  • «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»;
  • «Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы».