«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық қысымның жоғарылауына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Орталықта, республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын, қар болуы мүмкін.
16 наурызда күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында, 17-18 наурызда республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын, көктайғақ, қар, жел, тұман болуы мүмкін.
Температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, тек республиканың оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градус аязға дейін, күндіз 0-7 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі мүмкін, — делінген хабарламада.