Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 455 — 461 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 455 – 458 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 456 – 461 теңге аралығында құбылып тұр.
13 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 9,44 теңгеге өсіп, 456, 45 теңге болған.
Ұлттық банктің 14 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 456,66 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,04 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,85-6,15 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,93-5,98 теңгеден сатылып жатыр.