Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 9 наурызға арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 438,57 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,81 теңге.

7 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5, 10 теңгеге қымбаттап, 438, 53 теңге болған. Ресей валютасы 5,80 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 439 – 443 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 439– 444 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,65 – 5,9 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,7 -5, 8 теңгеден саудаланып жатыр.