Маңғыстауда 120 келіден аса бекіре балығы тәркіленді

Полицейлер 26 жастағы күдікті азаматты ұстады. Тәркіленген балық «Kazakh Osetr» ЖШС-ға тапсырылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында осы жылдың 10 наурызында Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының 29-шы шақырымында табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп «Lada 2112» маркалы күдікті автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті тексеру кезінде жүксалғышта 124 келі болатын 33 дана заңсыз ауланған бекіре балығы тәркіленді. Полицейлер 26 жастағы күдікті азаматты ұстады. Тәркіленген балық «Kazakh Osetr» ЖШС-не тапсырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, — делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР ҚК 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Түпқараған ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде тіркелген.