Басты бетЖаңалықтарҰлыбританияда темекі...

Ұлыбританияда темекі шегетіндердің жартысынан көбі арзан «түтінсіз» өнімді таңдайды

Көптеген елдегі темекі шегетін адамдар шылымның қаншалық зиян екенін түсініп, оны түтінсіз баламаларға алмастыруды әдетке айналдыра бастады. Бірақ тұтынушыларға жанбайтын өнімдердің арзан болғаны маңызды. Бұл туралы КАМ Мedia тұтынушы қалауын зерттеу жөніндегі Британ агенттігі жыл сайынғы есебінде мәлімдеді.

Есепке Ұлыбританиядағы 250-ден астам дүкеннің сауалнама нәтижесі жинақталған. Дүкен өкілдерінің хабарлауынша, сатып алушылар темекіге қарағанда арзанырақ вейптер мен темекіні қыздыру жүйелерін таңдайды. Британиялық темекі шегетіндердің 57%-і бағасы арзан болса, зияны азырақ темекі баламасына көшуге дайын екенін айтты.

Бұл статистика темекі шегетіндердің темекіден бас тартуы үшін «түтіні жоқтардың» зияны аз және бағасы тиімді болуы керек екенін көрсетеді. Ұлыбританияның реттеуші органдары осы проблеманы ескеріп, ұзақ уақыт бойы никотин түтіні жоқ жеткізу жүйелерінің бағасын барынша төмендетіп, кәдімгі темекінің бағасын қымбаттатты. Бұл тәсіл нәтиже көрсетті: елдегі темекі шегетіндердің жартысынан көбі түтінсіз өнімдерге көшуге дайын екенін мәлімдеді.

Ұлыбританияның үлгісі зияны аз өнім арзанырақ, зияны көбірек өнім қымбат болуы керек екенін көрсетті. Бұл тұтас ұлттың денсаулығы үшін маңызды. Қазірдің өзінде темекі шегетін британиялықтардың 30%-тен астамы түтінсіз өнімдерге, көбіне вейпке көшті.

КAM Media сауалнамасында «2023 жылы түтінсіз баламаларға ауысатын темекі шегетін адамдар үшін қандай факторлар маңызды?» деген сұрақ қойылды. Респонденттердің 57%-і бағасына мән беретінін айтса, 18%-і бағасы мен сапасының жақсы болуына ден қоятынын көрсеткен. Енді 10%-і талғам диапазонына, қалған 5%-і ыңғайлы болғанына назар аударып, таңдау жасайтынын мәлімдеген.

Сонымен қатар 10 бөлшек сауда сатушының алтауы темекі шегетіндерге түтінсіз өнімді таңдауға оның бағасы кедергі болуы мүмкін екеніне, яғни жанбайтын және түтінсіз «салауатты» баламалар тым қымбат болуы мүмкін екеніне алаңдайтынын айтқан. Десе де бұған қарамастан, сатушылардың 68%-і 2023 жылы темекі шегетіндерге ең жақсы балама — түтінсіз өнімдерді пайдаланады деп санайды. Олар  мұны қолдайтынын айтты.

Сауалнамаға қатысқан сауда желісінің 56%-і сатылымда жанбайтын, бірақ қыздырылатын өнімдер, соның ішінде темекі стиктері бар екенін атап өтті. Темекі стигінің бір қорабының бағасы — 5 фунт стерлинг. Бұл орташа темекі қорабынан екі есе арзан. Бұл — шылым шегетіндердің темекіні тастауына салмақты себеп.

Ұлыбританиядағы темекінің орташа бағасы бір қорап үшін 12,73 фунт стерлинг екенін ескерсек, миллиондаған британиялық үшін темекі шегуді жалғастырғаннан гөрі түтінсіз баламалар жақсы таңдау екенін көрсетеді. 2023 жылы бөлшек сауда саудагерлері денсаулыққа қауіп төндірмейтін түтінсіз өнімдерді көбірек ұсынады, – дейді KAM Media есебінің авторлары.