Кахраманмарашта жер сілкінгеннен кейін 25 күн өткен соң үйінді астынан ит аман табылды.
Хатай облысының Антакья ауданында қауіпсіздік бөлімшелерінің бақылауындағы Эрзурум AFAD, Орман шаруашылығы бас басқармасы және Караман провинциясының арнайы дирекциясының топтары қоқыс жинау жұмыстарын бастаған ғимаратта терьер итті тірі тапты, — делінген хабарламада.
Ит тұрып қалған жерден тамақ та табылды, ит соны жеп аман қалған. Ит қозғалмалы клиникаға ветеринар бақылауына жіберілді.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркия — Сирия шекарасында магнитудасы 7,8 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінде қаза болғандар саны 45 мың адамнан асты.
