Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Шымкентте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел арасындағы одақтастық қатынастардың қазіргі жағдайын және оны нығайту перспективаларын өзара сенім, достық және тату көршілік рухы бойынша қарастырды.

Тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр желтоқсан айында Ташкентке барған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша жеткен уағдаластықтың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Екі ел басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, өзара тауар айналымын арттыру, инвестиция тарту, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы қарым-қатынастарды дамыту перспективалары туралы сөз болды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентімен кездесу үшін Шымкентке барғанын хабарлаған едік.