«Алашұлы» тобының құрамы жаңарды (Видео)

Топ құрамынан Ұшқын Жамалбек кетіп, орнына Ерзат Рамазан есімді солист келді. ШҚО тумасы Ерзат — «Astana Musical» театрының актері. Ал Ұшқын Жамалбек жеке шығармашылықпен айналысу үшін топтан кеткен.

Ерзат Рамазан
Ерзат Рамазан

Айта кетейік, бұл топ 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының қабырғасында құрылған. Қазіргі уақытта «Алашұлы» этно-тобының әндері – ұлттық әуенге айналған. Репертуарларындағы «Қара жорға», «Махамбеттің жыры», «Ақтанның термесі», «Елім менің» т.б. әндері тыңдармандардың жүрегінен орын табуда. Ал жаңа құрам бірге ән салып үлгерді.